419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында дүлей дауылдан мектептердің шатыры ұшты

  • 311
  • UPD: 18:07, 18.05.2020

Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауылында дауыл тұрды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның күштілігі сонша, елді мекендегі орта мектептің шатырын қайырып ұшырып, Сафоновка ауылындағы мектептің жабындысы пайдасыз болып қалды. Сондай-ақ, Байда ауылында орналасқан шекара қызметінің әскери нысандарының шатыры жарамсыз болып қалған. Абырой болғанда, жарақат  алған ешкім жоқ. Материалдық шығындар есептелуде. Айта кетейік, Облыстық төтенше жағдайлар қызметі мамыр айының 16-сы мен 22-сі аралығында Атырау облысында күшті дауыл болатынын ескерткен еді.

Асхат Ержанов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– «Қазгидромет» қызметінен алынған жедел ақпаратты біз 15 мамыр күні барлық ауданға таратқан едік. Алайда Құрманғазы ауданында көптеген ғимараттың шатыры бүлінді. Ұштырма жел осы айдың 22-не дейін сақталуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы