399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында екі жол апатынан үш адам қаза тапты

  • 76
  • UPD: 18:04, 18.05.2020
Ақтөбе облысында екі жол апатынан үш адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, жүргізуші мен тағы бір жолаушы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 мамыр сағат 12:00-де Мәртөк ауданы Березовка ауылынан екі шақырым жерде «Хазретовка-Березовка» ауылдық тас жолында 46 жастағы «Лада-212140» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, автокөліктің аударылуына жол берген. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде 39 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал екінші 41 жастағы жолаушы Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. Жүргізуші мен үшінші жолаушы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сол күні «Самара-Шымкент» тас жолының 850 шақырымында Хромтау ауданы Дон ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болды. «Шевролет-Круз» автокөлігінің жүргізушісі, Маңғыстау облысының тұрғыны Ақтөбе қаласы жағынан Арал қаласына қарайғы бағытта Хромтау ауданы Дон ауылының маңында «Самара-Шымкент» автожолының 850-шақырымына келе жатып, рульге ие бола алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Ақтөбе қаласына Шымкент қаласынан келе жатқан Беларусь Республикасы азаматының басқаруындағы «Мерседес-Бенц» маркалы жүк автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «Шевролет-Круз» автокөлігінің жүргізушісі Хромтау қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылып, 30 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы