411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық полицейлер қарақұйрық атқан адамды ұстады

  • 95
  • UPD: 17:16, 19.05.2020
Қызылордалық полицейлер қарақұйрық атқан адамды ұстады

Облыс орталығы тұрғынының көлігінен қарақұйрық денесі мен аңшы мылтығы табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шиелі аудандық Полиция басқармасы ЖПҚБ-ның Табиғат қорғау полиция тобының қызметкерімен және «Охотзоопром» РМҚК өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар кезінде 18 мамырда Шиелі ауданы Телікөл ауылының «Камал» су скважинасының жанында күдік тудырған «ВАЗ» маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Автокөлікті тексеру барысында қапқа салынған қарақұйрық жануарының денесі, 16-калибрлі аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды. Осы қылмысқа қатысы бар күдікті 40 жастағы жұмыссыз, облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Хабар 24 телеарнасы