411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есік – Алматы жолында көлік апатынан төрт адам қаза болды

  • 72
  • UPD: 17:05, 20.05.2020
Есік – Алматы жолында көлік апатынан төрт адам қаза болды

Алматы облысының полиция қызметкерлері екі көліктің соқтығысуы салдарынан бір көлік жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапқанын хабарлады.

Екінші көліктің жүргізушісі ауруханада көз жұмды, деп хабарлады inAlmaty.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 19 мамырда сағат 19:45-те Есік – Алматы жолында Есік қаласының маңындағы 4-ші шақырымда келе жатқан 1993 жылғы Ravon Nexia жүргізушісі рөлді басқара алмай қарама-қарсы жолға түсіп кеткен. Салдарынан 1991 жылғы Есік қаласының тұрғыны басқарған Chevrolet Cruze көлігімен соқтығысты.

Ravon Nexia көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Екінші көліктің жүргізушісі алған жарақаттарымен ауруханада қайтыс болды.

Жол оқиғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы