411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: Шүлбі кентінде өрттен ер адам қаза тапты

  • 81
  • UPD: 12:02, 21.05.2020
ШҚО: Шүлбі кентінде өрттен ер адам қаза тапты

Кеше кешкісін Шығыс Қазақстан облысындағы Шүлбі кентінде өрт шықты. Көршілер 4-қабаттағы түтінді байқап өрт сөндіру бөліміне хабарласқан.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер 3 минут ішінде келіп жетті. Барлау жасау кезінде жанып жатқан пәтерде үй иесі ес-түссіз күйде табылған. Зардап шегушіні алып шығып, тамыр соғысы болмағандықтан тірілту амалдарын жасаған, алайда келіп жеткен ауылдық фельдшер 1972 жылы туған еркектің мерт болғанын анықтады.

Осы уақытта өрт сөндірушілердің екінші буыны түтін басқан үйден тұрғындарды эвакуациялай бастады. Әр пәтерді аралап, далаға шығуларын өтінді. Барлығы 25 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды.

2 шаршы метрдегі өрт сөндірілді, түтінді шығарды, ғимаратты толық қарап шығып, тұрғындарға қауіптің жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана даладағы адамдардың үйлеріне кірулеріне рұқсат берілді.

Отты абайсыз пайдалану және мас күйде темекі шегу себеп болуы мүмкін деген болжам анықталып жатыр.

Барлығы облыс бойынша жыл басынан бері өрт кезінде 12 адам құтқарылды, 340 адам эвакуацияланды, 28 адам көз жұмды.

Азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, өрт кезінде дереу «101» номеріне қоңырау соғуды сұраймыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы