411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында пәтерден өрт шығып, бір адам қаза тапты

  • 103
  • UPD: 14:19, 21.05.2020
Ақмола облысында пәтерден өрт шығып, бір адам қаза тапты

Ақмола облысында көп пәтерлі үйлердің бірінен өрт шығып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Аршалы ауылында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, Миченко көшесіндегі №2 үйдің 2-пәтерінен өрт шыққан. Қызыл жалынның салдарынан тек жұмсақ жиһаз ғана өртеніпті. Алайда, оқиға орнынан 62 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Қазір тілсіз жаудың нақты неден шыққаны анықталуда. Алдын ала болжам бойынша шылым шегу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау деген нұсқа айтылып отыр.

Манарбек Шапағатов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Аталған оқиғаға қатысты өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Ал, мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Өрттің себебі, төсекте жатып, шылым тарту деп алдын ала айтып отырған себебіміз, оқиға орнынан көптеген темекі тұқылы табылды. Ал, нақты дерек сараптамалардың қорытындысы шыққан соң белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы