411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теңіз кенішіндегі стационарға дәрігерлерді жұмысқа шақырған ақпарат жалған - Боранбай Мәтжанов

  • 101
  • UPD: 18:35, 22.05.2020
Теңіз кенішіндегі стационарға дәрігерлерді жұмысқа шақырған ақпарат жалған - Боранбай Мәтжанов

Атырауда Теңіз кенішіндегі провизорлық стационарға жұмысқа шақырған жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

WhatsApp желісінде тараған ақпараттың жалған екенін «Теңізшевройл» ЖШС медициналық қызметінің директоры Боранбай Мәтжанов растады.

Шақыруда 20 дәрігер, 20 медбике және 40 санитар қажеттігі көрсетілген.

«Еңбекақы дәрігерлерге 1 100 000 теңге, медбикелерге 950 000 теңге, санитарларға 900 000 теңге. Келісім-шарт мерзімі 2 ай, одан әрі 14 күн карантин. Жол жүру, тамақтану, жатын орнының шығыны тапсырыс берушінің есебінен», -делінген жалған ақпаратта.

Хабар 24 телеарнасы