399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында жыл басынан бері 6 адам суға кеткен

  • 114
Атырау облысында жыл басынан бері 6 адам суға кеткен

Атырау облысында суға шомылу 15 маусымнан басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде қала аумағында 2 ресми жағажай бар. Тағы 15 аумаққа жұрт өздігінен барып шомылады. Өңірде қарапайым ережелерді сақтамау салдарынан жыл басынан бері 6 адам суға кеткен. Мамандардың айтуынша, оқыс оқиғалар көбіне шомылуға рұқсат етілмеген жағажайларда болады. Осыған байланысты қала бойынша 4 қайық пен 2 катер және 20 құтқарушы жағажайларды бақылауға алады.

Самат Құбашев, қалалық судан құтқару қызметінің басшысы:

– Суға түсу маусымына аудандар мен қалаларда 22 қайық дайындыққа қойылды. 12 автокөлік дайын тұр. Атырау қаласы бойынша 4 қайық және тез жүретін сүңгіру катеріміз іске қосылады. Қазіргі уақытта Атырау қаласы бойнша 102 жерге суға түсуге болмайды деген белгі орнатылды. Сонымен қатар ауданымыздың барлығына бірдей 91 белгі орнатылды.

Хабар 24 телеарнасы