405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда блок-бекетті бұзып өтпек болған мас жүргізуші полицейдің өліміне себепкер болды

  • 187
  • UPD: 12:45, 25.05.2020
Алматыда блок-бекетті бұзып өтпек болған мас жүргізуші полицейдің өліміне себепкер болды Polisia.kz

Алматыда мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып өтпек болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 05:26-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі, 1992 жылғы қала тұрғыны 4-бақылау-өткізу бекетіне соқтығысты. Алдымен бетон қоршауға барып тиген, содан кейін инерциямен патрульдік көлікке соқтығысқан, оның салонында екі полиция қызметкері болған. Өкінішке орай, патрульдердің бірі, 42 жастағы Жалғас Жанғазиев алған жарақаттардан жедел жәрдем қызметі келгенге дейін қайтыс болды. Оның әріптесі Дастан Абдықанов жақын жерде орналасқан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. BMW жүргізушісі қамауға алынды. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы