418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бір тәулікте шөп пен ағаш өртінің он оқиғасы тіркелді

  • 174
  • UPD: 11:13, 25.05.2020
Бір тәулікте шөп пен ағаш өртінің он оқиғасы тіркелді

2020 жылғы 24 мамырда өткен тәулікте Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында орман алқаптарында құрғақ шөп пен ағаштар жануының 10 оқиғасы тіркелді. Барлық өрт сөндірілді.

Құрғақ шөптің жануын сөндіруге Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 3 қызметкер мен 1 бірлік техника жұмылдырылды. 6 га алқапта құрғақ шөптің жануы 24 мамырда сағат 19:45-те Осакаровка кентінен 10 шақырым жерде тіркелген. Сағат 21.51-де жойылды.

Бұдан басқа, «Семей орманы» МОТР күшімен және құралдарымен Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданындағы орман алқаптарында орын алған 9 ағаш жануы жойылды. Өрт алаңы 0,010 га құрайды.

ТЖК орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты мониторинг жүргізеді, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар, рейдтік іс-шаралар, халық, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Нұр-Сұлтан қ. және Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 35-38°С-ге дейін жоғарылауы, Ақтөбе, Атырау облыстарында желдің күшеюі секундына 15-18 метрге, Түркістан қаласында желдің күшеюі секундына 15-20 метрге, екпіні секундына 23 метрге жетуі, 40°С дейінгі қатты ыстық күтілуде, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұдан басқа 25-26 мамырда Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында 42°С аптап ыстық болады, сондай-ақ Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады, жел секундына 15-20 метр соғады, кей жерлерде секундына 23-28 метр жел соғады, 40-43°С аптап ыстық болады.

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды, әсіресе, күн неғұрлым белсенді болған сағат 12-16-ға дейінгі кезеңде күн ұзақ уақыт бойы далада жүруден аулақ болуға шақырады. Егер бір жерге бару керек болса, көшенің көлеңке жерімен жүріңіз. Денеге қажетті желдетуді қамтамасыз ететін табиғи жарық матадан тігілген еркін киім киіңіз. Міндетті түрде бас киім киіңіз. Балалар мен үй жануарларын ешқашан машинада қалдырмаңыз, себебі салондағы қызған ауа қайғылы жағдайларға апарып соқтыруы мүмкін.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы