432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде қоқыс шығаратын көліктің өртінен жүргізуші ауруханаға түсті

  • 347
  • UPD: 11:58, 25.05.2020
Өскеменде қоқыс шығаратын көліктің өртінен жүргізуші ауруханаға түсті

Өскемен қаласында қоқыс таситын көлік өртеніп, денесін күйік шалған жүргізуші ауруханаға түсті.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, КамАЗ көлігінің кабинасын қызыл жалын шарпыған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 4 шаршы метр аумаққа қызыл жалынды сөндірді.

«Өртті өзі өшірмек болған 59 жастағы жүргізушінің аяғы мен қолын күйік шалған. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін жәдел жәрдем қызметкерлері бірден ауруханаға жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрттің шығу себебі қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы