405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде екі адам суға батып кетті

  • 155
  • UPD: 15:11, 25.05.2020
Ақтөбеде екі адам суға батып кетті

Ақтөбеде өзен-көлдерге шомылу маусымы басталмай жатып, суға кету дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте қала айналасындағы «Елек» және «Қарғалы» өзендерінен екі адамның мәйіті шығарылды. Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, екеуі де тыйым салынған жерге түскен. Жалпы, жуырда өзен-көлдерде жүргізілген рейд жұмыстары кезінде ондаған рұқсат етілмеген шомылу орындары анықталған еді. Ал талапқа сай жабдықталған жағажайлардың ашылуына әлі бір апта уақыт бар. Сондықтан құтқарушылар күннің ыстығын сылтауратып, суға тусуге әлі ерте дейді.

Руслан Сахиев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы:

– Біріншісінде, 1995 жылғы екі адам ішімдік ішкен. Содан кейін суға шомыламыз деп суға кірген. Екінші жағдайда жалғыз өзі болған. Барып шомылған кезде резкий обрыв себебінен суға кетіп қалды.

Хабар 24 телеарнасы