418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шомылу маусымының уақыты әлі нақтыланған жоқ

  • 245
  • UPD: 10:57, 26.05.2020
Шомылу маусымының уақыты әлі нақтыланған жоқ

Жыл басынан бері елімізде 48 адам суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 16-сы бала. 24 адам балық аулау кезінде қауіпсіздік шарасын сақтамауынан ажал құшты. Алты адам белгіленбеген орында шомылған. 8 бала суға құласа, алтауы мұз астынан шыға алмай қалған. 4 адам мас күйінде шомылыпты. Бұл деректерді бүгін арнайы брифингте Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер жариялады. Шомылу маусымының уақыты әлі нақтыланған жоқ. Өйткені судың температурасы 16 градустан аспай тұр. Айта кетерлігі, елімізде 100-ден астам қалалық және 500-ге жуық жеке жағажай бар. Ал, суға түсуге тыйым салынған орындар саны 2 мыңнан асады. 

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Өткен жылы шомылу маусымында 268 адам суға батып кетті. Оның шамамен үштен бір бөлігі – балалар. Мәселен, өткен аптаның өзінде елімізде 10 адам суға батса, оның үшеуі бала. Әсіресе Ақмола, Ақтөбе мен Түркістан облыстарында көрсеткіш жоғары. Балалардың суға батуына бірінші кезекте ата-аналардың оларды қараусыз қалдыруы себеп болса, ересектердің судан шыға алмай қалуына ішімдік ішуі кесір болуда.

Хабар 24 телеарнасы