425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жыл басынан бері 9 бала терезеден құлаған

  • 329
  • UPD: 17:22, 26.05.2020
Елордада жыл басынан бері 9 бала терезеден құлаған

Соңғы күндердің өзінде қатарынан екі оқиға тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда бұл ата-аналарға сабақ болар емес. Мұндай оқыс жайттар балаларды қараусыз қалдырғаннан болады. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметкерлері бүлдіршіндерді үйде жалғыз тастамау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Ал терезенің ашылып-жабылуын реттейтін арнайы құрылғылар мен құлып салынатын тұтқа қауіпсіздік үшін керек. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің сөзінше, 2018 жылдан бері екі мен жеті жас аралығындағы 50 ден астам бала абайсызда көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кеткен. Өкінішке қарай, оның 13-қайтыс болып, қалғаны түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы