418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде автобустан құлаған кондуктор әйел көз жұмды

  • 173
  • UPD: 19:12, 26.05.2020
Ақтөбеде автобустан құлаған кондуктор әйел көз жұмды

Ақтөбе облыстық полиция департаменті 15 мамыр күні болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздейді.

Кондуктор ашық тұрған есіктен құлап, көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 15 мамыр күні сағат 17:15-те тіркелді. «ПАЗ» маркалы №11 бағыттағы автобус қаладағы «Әкімдік» аялдамасынан қозғалар кезде есігін жаппай, жүріп кеткен. Сол кезде кондуктор құлап түсіп, бас-ми жарақатын алған.

«24 мамыр күні кондуктор жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. Автобус салонында 20-25 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасының куәгерлері мен ол туралы көрген, білген адамдар болса, 936-403, 936-408, 8 777-353-24-10, 8 702 226-44-03 ұялы телефондарына хабарласуыңызды немесе Ақтөбе облысы Полиция департаментінің анықтау басқармасына, №403 кабинетке жолығуыңызды сұраймыз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Көз жұмған Әйгерім Қарасаеваның кәмелет жасқа толмаған 3 баласы бар. 33 жастағы жалғызбасты әйел қалада пәтер жалдап тұрған.

Хабар 24 телеарнасы