418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Полиция қызметкерлерін қағып өлтірген жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

  • 171
  • UPD: 19:42, 26.05.2020
Полиция қызметкерлерін қағып өлтірген жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Алматыда мас күйінде рөлге отырып, блок-бекетте екі бірдей полиция қызметкерін қағып өлтірген жүргізуші бұрын құқық қорғау қызметінде жұмыс істеген,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны қалалық полиция департаменті растады. 26 жастағы азамат өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін жұмыстан шығарылған. Қазір күдікті қамауда отыр. Екі немесе одан да көп адамды өлтіргені үшін сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

– 1994 жылғы азаматтың бұрын құқық қорғау органдарымен байланысы болған. 6 жыл полицияда жұмыс істеген. Қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағандықтан, 4 рет тәртіптік жаза алды. Бұл оның ішкі істер органдарынан кетуіне себеп болды. Бірақ одан кейін де ол дұрыс қорытынды жасай алмаған. Заңды бұзып, ауыр зардаптарын біле тұра, ол рөлге мас күйінде отырып, қылмыс жасады.

Хабар 24 телеарнасы