412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жол апатынан екі адам мерт болды

  • 105
  • UPD: 01:14, 27.05.2020
БҚО-да жол апатынан екі адам мерт болды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, 4 жолаушы ауруханаға түскен.

Жол-көлік оқиғасы 26 мамыр күні түс әлетінде Бөрлі ауданында болған. Орал-Ақсай жолының бойында Аралтал ауылы маңында «Фольксваген Пассат» автомобилі мен Оралға бара жатқан «Уаз» жедел жәрдем көлігі бетпе-бет соқтығысқан. Алғашқысының жүргізушісі ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмса, екінші көліктегі Оралға емделуге бара жатқан науқас та «жедел жәрдем» қызметінің автомобилінде көп ұзамай қайтыс болды. Қалған төрт адам Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың үшеуі ауыр халде жансақтау бөлімінде, біреуі хирургиялық бөлімшеде. Тиісті медициналық мамандандырылған көмек көрсету үшін құрамында нейрохирург бар санавиация бригадасы облыс орталығынан Бөрлі ауданына келіп жетті. Жол апатының себеп-салдары анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы