422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

  • 247
  • UPD: 15:40, 27.05.2020
Ақтөбеде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды blogspot.com

Ақтөбе қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері «СТОП-Игра» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 11 фактісі анықталды.

Департамент қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы 11 мекен-жайда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру пункттерін әшкерелеп, оның ішінде 7 факт төтенше жағдай режимі кезінде анықталды. Тінту жүргізу барысында 18 ойын автоматы, 93 процессор, 94 монитор, 62 телевизор тәркіленді.

Көрсетілген деректер негізінде ҚР ҚК 307-бабы (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысы аймағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналысқан 4 адамға 6 қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылып, айыпты тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

ҚР ҚМ ҚМК Баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы