420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда Беларусьтен жеткен фургон көлік түгі қалмастан өртенді

  • 279
  • UPD: 16:20, 27.05.2020
Атырауда Беларусьтен жеткен фургон көлік түгі қалмастан өртенді

Атырау облысында жол бойында шетелдік көлігі жүк толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл оқиға «Доссор-Құлсары» бағытындағы күре жолдың 45-шақырымында болған.

Беларусь Республикасынан Ақтау қаласына бағыт алған шетелдік «MAN» көлігінде тауық еті тиелген.

«Кезекші бөліміне өрт туралы хабар 26 мамырда күндізгі сағат 15:00 шамасында түсті. Арнайы өрт сөндіру көлігі мен өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде жүк көлігі лапылдап жанып жатқан. Өрт сағат 16:38-де ауыздақталды. Ал сағат 17:27-де толықтай сөндірілді», -деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиғадан қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы