429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зеренді ауданында дүкен өртенді

  • 347
  • UPD: 18:48, 27.05.2020
Зеренді ауданында дүкен өртенді

Ақмола облысының Зеренді ауданында азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сататын дүкен өртенді, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, өрт бүгін түс кезінде Зеренді ауданы орталығындағы азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары сатылатын «Аист» дүкенінде шыққан.

«Бүгін сағат 12:33 Зеренді аудандық ӨБ кезекшіcіне бір қабатты «Аист» дүкенінің шатыры жанып жатқандығы туралы хабар түсті. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 15 қызметкер және 3 арнайы техника, Қызыл кардон орман шаруашылығының жұмысшылары мен техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар 10 өрт сөндіруші мен 2 техника аттанды. Өрт аумағы 350 шаршы метр болды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда», - деп түсіндірді Зеренді аудандық ТЖБ бастығы Ерлан Жолдин.

Хабар 24 телеарнасы