418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртауда жолаушылар автобусы жарға құлап, 7 адам жарақат алды

  • 231
  • UPD: 15:24, 28.05.2020
Теміртауда жолаушылар автобусы жарға құлап, 7 адам жарақат алды

Оқиға металлургиялық комбинаттың оттегі цехы маңында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болжам бойынша 33 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Бұл кезде автобус ішінде 19 адам болыпты. Зардап шеккен 7 жолаушының екеуінде жеңіл жарақат. Ал үшеуінің милары шайқалған. Олар дәрігерлік тексерістен соң, үйлеріне босатылды, амбулаториялық ем алмақ. Қалған екі адам ауруханаға жатқызылды. Бірінің бел омыртқасы, екіншісінің жамбас сүйегі сынған. Қос науқасқа да қазір операция жасалды. Жағдайлары қалыпты дейді дәрігерлер.

Жанатай Сембеков, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы:

– Алдын ала болжам бойынша автобустың жүргізушісі басқаруға ие бола алмаған. Автобуста ол кезде 19 жолаушы болған. Оның жетеуі әр түрлі дене жарақатын алған. Екеуі емханаға жеткізілді. Аталған факт полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Хабар 24 телеарнасы