419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы-Бішкек тас жолында апаттан джиптің жүргізушісі қаза тапты

  • 476
  • UPD: 17:17, 28.05.2020
Алматы-Бішкек тас жолында апаттан джиптің жүргізушісі қаза тапты

Алматы-Бішкек тас жолында «Toyota Land Cruser-100» көлігінің 67 жастағы жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 мамыр күні сағат 23:00 дер шамасында «Toyota Land Cruser-100» көлігінің жүргізушісі Алматы-Бішкек тас жолының 137 шақырымында рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, «Mersedes Benz-817» көлігіне соғылды. Салдарынан екі көлік те өртеніп кетті. «Toyota Land Cruser-100» көлігінің 1953 жылғы жүргізушісі оқиға орнында мерт болды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал Mersedes Benz-тің 1988 жылғы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Қазір олар Қордайдағы аудандық ауруханада жатыр. Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы