420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе хром қосындылары зауытында төрт адам көз жұмды

  • 252
  • UPD: 18:13, 28.05.2020
Ақтөбе хром қосындылары зауытында төрт адам көз жұмды

Ақтөбе хром қосындылары зауытында төрт адам көз жұмып, екеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық полиция департаментіне хабар жергілікті уақытпен сағат 13:20-да түсті. Онда №4 цехта жұмысшылардың мерт болғаны айтылды.

«Жұмысшылар таңертең 50 текше метр болатын бакті тазартқан. Кейін біреуі ақауды көріп, ішіне кіреді. Шықпаған соң тағы үшеуі түскен. Төртеуі оқиға орнында көз жұмды. Екі адам жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасын бұзу» бабы бойынша тергеу басталды. Істің мән-жайы анықталуда», - деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Атынай Арыстанов.

Хабар 24 телеарнасы