425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде зауыттағы оқыс оқиғаға байланысты тергеу басталды

  • 277
  • UPD: 22:20, 28.05.2020
Ақтөбеде зауыттағы оқыс оқиғаға байланысты тергеу басталды

Оқыс оқиға бүгін түстен кейін болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, 50 текше метрлік үлкен бакты тазалауға кіріскен қызметкерлер көз жұмған. Тағы 2 азамат қаладағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы ауыр. Барлығы да белгісіз газдан уланған және ағзаларын химиялық күйік шалған. Мамандар төтенше жағдай қауіпсіздік техникасын қадағаламау салдарынан болғанын айтады.

Атығай Арыстанов, облыстық ПД бастығы:

- Қазіргі таңда облыстық полиция департаменті ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлімімен тергеу, алдын алу жұмыстарын бастады. Сол жерде облыстық полиция департаменті мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жұмыс атқаруда. Оқиға жағдайы қалай болғанын, не жағдайдан болғанын бәрі осы тергеу кезінде анықталады.

Хабар 24 телеарнасы