405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай вокзалы қоршауға алынды

  • 121
  • UPD: 16:24, 29.05.2020
Қостанай вокзалы қоршауға алынды

Қостанай қаласының теміржол вокзалы қоршауға алынып, 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, вокзалдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әдеттегідей тексеру жүргізген. Тексеру кезінде вокзал ішінде тұрғанр әйелдің сөмкесінен күдікті затты байқаған.

«Оқиға орнына барлық мүдделі қызметтер жұмылдырылды. Вокзал қоршауға алынып, 20-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Кейінірек сөмкеде сутегі тотығы бар бөтелке болғаны анықталды», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Хабар 24 телеарнасы