412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда макулатура сақталған қойма өртеніп жатыр

  • 179
  • UPD: 17:58, 29.05.2020

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жәдел жәрдем қызметкерлері дереу аттанған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлан Нарынбек, тілші:

– Өрттің күшті болғаны соншалық, қара түтін қаланың көптеген бөлігінен көріне бастады. Қоймада мотоцикл, мопед, мотоблок секілді техникалар болған. Олардың көбі жанып кетті. Бұл жерде қоймалар өте көп. Тілсіз жаудың басқа да ғимараттарға көшу қаупі жоғары болғандықтан, өрт сөндірушілер барын салды. Қызыл жалынды құрықтауға 24 техника мен 100 адам жұмылдырылды. Тіпті 30 тонналық автопоезд да қолданылды. Дегенмен қоймадағы заттар жанып кетті. Қойманы жалға беруші мен жалға алған кәсіпкер де шығынға шаш етектен батып отыр. Өрттің қасақана қойылғаны әлде абайсызда шыққаны әзірге белгісіз. Ол арнайы зерттеуден кейін анықталады.

Хабар 24 телеарнасы