418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы орман алқаптарында құрғақ шөп жанып жатыр

  • 168
Оралдағы орман алқаптарында құрғақ шөп жанып жатыр Inbusiness.kz

Орал қаласының аумағындағы орман алқаптарында құрғақ шөп жанып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ақпарат өрт сөндіру бөліміне күндіз екіден 26 минут кеткенде түскен. Тілсіз жау Исатай-Махамбет көшесінде тұтаныпты. Оқыс оқиға болған жерге өрт сөндіру жасағының құтқарушылары мен бірнеше техникасы тартылды. Айта кету керек, қалада өрт оқиғалары жиі тіркеліп отыр. Мысалы, кеше ғана Шолохов көшесінде жазғы дәмхана мен валюта айырбастау пункті отқа оранған еді. Қазір құрғақ шөптің өртенуіне не себеп болғаны анықталып жатыр.

Нұрлан Таубеков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Қазіргі уақытта қала гарнизоны өрт сөндіру бөлімдері шығып кетті. Сол жерде жұмыс істеуде. Ауданы – 5-6 гектар. Жыл басынан бері облыс аумағында 3 орман өрті және жалпы ауданы 1 мың 201 гектар болатын 112 табиғи жану тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы