412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жыл басынан бері 10 адам суға кеткен

  • 141
  • UPD: 09:29, 30.05.2020
Атырауда жыл басынан бері 10 адам суға кеткен

Атырауда жыл басынан бері 10 адам суға кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның үшеуі бала. Суға түсу маусымы басталмаса да, тұрғындар сақтықты естен шығарған. Қауіптің алдын алып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары рейд ұйымдастырды. 10 мамырдан бері 16 тексеру шарасы жүргізілген. Бұл жұмыстар енді күн сайын өткізіледі. Сондай-ақ жедел құтқару жасағының мамандары да арнайы дайындықтан өтіп жатыр. Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмай, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Самат Құмашев, жедел құтқару жасағының басшысы:

- Қыстың өзінде де бізде 2 жасөспірімнің қараусыз қалып, мұздың астына батып кеткені тіркелді. Суға түсу маусымы 15 маусымда басталады. Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша екі жағажай бар. Екеуінің де жағдайы әзірге дайындықсыз. Белгілер қойылып, жер-жерде «суға түсуге болмайды» деген ескертулер беріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы