432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жеңіл көлік бағанды құлатып, автобус аялдамасына кіріп кетті

  • 359
  • UPD: 13:12, 30.05.2020
Елордада жеңіл көлік бағанды құлатып, автобус аялдамасына кіріп кетті полиция департаменті

Елордада жеңіл көлік көшедегі жарық бағанын құлатып, автобус аялдамасына кіріп кетті.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Бүгін таңертең сағат 08:05-те KIA Carens маркалы көлікті тізгіндеген 31 жастағы жүргізуші Б.Момышұлы көшесімен Тәуелсіздік даңғылына қарай келе жатып, Сәтбаев көшесімен қиылысқа жеткенде рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарына көлік көше шамы бағанын құлатып, одан кейін аялдама алаңына кіріп кеткен.

«Абырой болғанда сол сәтте автобус аялдамасында ешкім болмаған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушіге химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді департаменттен.

Хабар 24 телеарнасы