418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дихан Қамзабекұлы: Саяси қуғын құрбандары толық ақталуы тиіс

  • 177
  • UPD: 15:33, 30.05.2020

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құру туралы бастама өте маңызды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі үндеуі жазықсыз жазаланғандар туралы ойдың жинақталуына әсер етеді. Репрессия тақырыбында саяси сипатпен қатар әлеуметтік трагедия жатыр. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы осылай дейді.

Дихан Қамзабекұлы, Л.Гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің проректоры:

- Біз әдетте тек қайраткерлерді айтып жүрдік. Ал оның ішінде қаншама діни қайраткерлер бар. Соғыс құрбандары бар. Жап-жас 18 жасында кетіп, өмірінің соңына дейін шейіт кетіп немесе азаппен қаншама жылдарды арқалап кеткен азаматтар бар. Не көрді? Ешқандай қызық көрмеді. Осының барлығында құрылмақ алдағы комиссия бәрін жік-жігімен, жүйесімен өркениетті деңгейде қалпына келтіреді деген үмітіміз бар. Сол үміт ақталса деген халықтың да сенімі бар.

Хабар 24 телеарнасы