418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астрахан трассасында әскери жүк көлігі мен жедел жәрдем көлігі соқтығысып, үш адам мерт болды

  • 284
Астрахан трассасында әскери жүк көлігі мен жедел жәрдем көлігі соқтығысып, үш адам мерт болды Ақ Жайық

6 мамырда Атырау-Астрахан трассасының 185-шақырымында КамАЗ әскери көлігі мен Исатай аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі соқтығысқан. Нәтижесінде жедел жәрдем көлігінің ішіндегі адамдардың бәрі - жүргізуші мен екі медик қайтыс болды, деп хабарлайды «Ақ Жайық» баспасөз қызметі.

42 жастағы медбике оқиға орнында көз жұмды, ал екінші қызметкер пен жедел жәрдем жүргізушісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының мәліметі бойынша, жүк көлігінің рөлінде Маңғыстау облысынан шақырылған шекарашы - 20 жастағы шұғыл қызмет сарбазы болған. Тергеудің негізгі нұсқасы бойынша, ол көлік рөліне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Қозғалған қылмыстық іс аясында әскери тергеушілер апатқа куәгерлер болса, +7 (7122) 46-08-65, +7 (775) 535-18-20 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы