405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте заңсыз айналымнан 70 мың литр дизель тәркіленді

  • 140
  • UPD: 11:44, 01.06.2020
Шымкентте заңсыз айналымнан 70 мың литр дизель тәркіленді

Шымкентте экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері 70 мың литр дизель отынын тәркіледі.

Келтірілген шығын көлемі 12 миллион теңгеден асады. Жедел іздестіру барысында тергеушілер мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын анықтаған. Сондай-ақ арнайы жабдықталған жерасты шеберханасында азаматтар қолдан дизель отынын жасаған. Сөйтіп, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жанар-жағар май станцияларына сапасыз өнімді жеткізіп отырған. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы