405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында ер адамды аю талап өлтірді

  • 136
  • UPD: 15:55, 01.06.2020
Алматы облысында ер адамды аю талап өлтірді

Оқиға 30 мамыр күні Алматы облысы Алакөл ауданының таулы аймағында болған.

«Куәлардың айтуы бойынша, олар, яғни, марқұм 3 танысымен 28 мамыр күні Лепсі өзеніне балық аулауға шыққан. Ал қайғылы жағдай үйге қайтып келе жатқан бетте болыпты. Бірге еріп шыққан ит қонжықтың иісін сезіп, ізін кезген. Ер адам оны борсық қуып кетті деп ойлап, артынан барған. Қорыстың арасынан  иттің қыңсылаған дауысын естіп, құтқармақшы болады. Бірақ ойламаған жерден аюдың шабуылына ұшырайды. Ауыр жараланып, серіктері жеткенше жан тәсілім еткен», – деп хабарлады полиция бастығы Қуат Оспанов.

Кірекейлердің әсіресе көктемде мінезі өзгереді. Төлін қауіптен қорғау үшін еш нәрседен тайынбайды. Сондықтан табиғат аясына шыққанда сақтықты ұмытпаған жөн, дейді полицейлер.

Айта кетейік, көз жұмған азамат 1979 жылы туған, Ресейден Алматы облысында тұратын туыстарына қонаққа келген.

 

Хабар 24 телеарнасы