428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда өткен жылы 250 бала жол-көлік оқиғалары кезінде көз жұмған

  • 255
  • UPD: 17:40, 01.06.2020
Қазақстанда өткен жылы 250 бала жол-көлік оқиғалары кезінде көз жұмған

Ювеналды полиция басқармасының мамандары осындай статистиканы жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, өткен жылдың өзінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 3 мың жол апаты болған. Мыңдаған бала жарақат алып, оның 250-і көз жұмған. Ал биыл осыған ұқсас 600 оқиға тіркелді. Әсіресе, қазіргідей оқу маусымы аяқталып, жазғы демалыс басталған тұста аса сақ болу керектігін ескертеді полиция қызметкерлері. Балаларды тасымалдайтын автобустардың алдында және артында арнайы белгі орнатылуы қажет. Ал оның тізгінінде отырған жүргізуші кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы міндетті.

Хабар 24 телеарнасы