423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жасөспірім суға кетті

  • 346
  • UPD: 18:18, 01.06.2020
Өскеменде жасөспірім суға кетті

Өскемен қаласында арнайы жабдықталмаған орында шомылған жасөспірім суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін рұқсат етілмеген жерге суға түсу үшін барған жігіттер қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Шомылып жүрген жасөспірімдердің бірі қатты ағысқа төтеп бере алмай батып кеткен.

«Құтқарушылар 17 жастағы жігіттің денесін алып шықты. Ол Ертіс өзеніндегі арнайы жабдықталмаған орында суға шомылған», – делінген хабарламада.

ТЖ өкілдерінің мәліметінше, шомылу маусымы әлі басталған жоқ. Осы ретте, құтқарушылар демалыс орындары мен жағажайларда рейд жүргізіп жатыр.

Өкінішке қарай, қауіпсіздік шараларын елемей, өз өмірін қауіп-қатерге тіккен тұрғындар әлі де анықталып жатыр

Хабар 24 телеарнасы