405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында балкон құлап, екі адам ауыр жарақат алды

  • 92
  • UPD: 15:11, 02.06.2020
Қарағанды облысында балкон құлап, екі адам ауыр жарақат алды

Қарағанды облысының Шашубай кентіндегі тұрғын үйлердің бірінде екінші қабаттағы балкон құлап, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыр жарақат алған ерлі-зайыптылар бірден Балқаш қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілді. Әйел адамның қолы сынып, бас сүйегі зақымданған. Ал, ер азаматтың бауыры зақымдалған. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Операция жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылған. Ал балконы құлаған үй Ақтоғай ауданы әкімшілігінің коммуналдық меншігінде екен. Зардап шеккен отбасы мұнда пәтер жалдап тұрған.

Ұлантай Үсенов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Шашубай кентіндегі үй ол апатты болып танылмаған бүгінгі таңда. Балконын уақытылы күтіп ұстамағандықтан болған жағдай. Оны жадлаған адам уақытымен қарап, егер де, қандай да бір апатты жағдай болса, жергілікті әкімдікке хабарын беру керек еді. Себебі, олар пәтерді жалдап отыр бүгінгі таңда.

Хабар 24 телеарнасы