426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талғар ауданында қоқыс полигонынан өрт шықты

  • 258
  • UPD: 17:59, 02.06.2020
Талғар ауданында қоқыс полигонынан өрт шықты

Алматы облысының Талғар ауданындағы күл-қоқыс полигонынан өрт шықты. Тілсіз жау бір гектар жерді шарпыған. Өрт сөндірушілер кешелі бері су құйып, қызыл жалынның бетін қайтарды.

Қазір аздап бықсып тұр. Күл-қоқыс полигоны Ақтас ауылының маңындағы ескі карьердің орнында орналасқан. Полигон Талғар ауданы мен Еңбекшіқазақ ауданының шекарасында тұр. Ауыл адамдары күл-қоқыстың бұған дейін де жанғанын айтады. Жел көбіне батыстан шығысқа қарай соғады. Сондықтан түтіннен әсіресе желдің өтінде тұрған Ават ауылының тұрғындары шаршадық дейді. Түтін иісінен мезі болған халық полигон жабылсын деген талап қойып отыр.

БЛИЦ:

- Қазір көп зиян келіп жатыр, балалар ауырады, астма, демала алмайды. Мынадай ауамен демалғаннан кейін өздерің білесіңдер, қалай болатынын, балалар, әйелдер, зейнеткерлер ауадан ауырып жатыр.

- Осы мусорканы или жапсын или оборудованиесін қойсын. Ана контейнерді көрсеткен, осы жерде құрылғы бар деп. Былтыр шақыртқанбыз, ешқандай бізге көмек болмады.

Хабар 24 телеарнасы