405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайдың экс-әкімі ауыр соққылардан қаза тапты

  • 178
  • UPD: 19:57, 02.06.2020
Бурабайдың экс-әкімі ауыр соққылардан қаза тапты

Бурабай ауылының бұрынғы әкімі ауыр соққы алып, көз жұмды. Шыңғысхан Темірбековті мамырдың 23-і күні әлдекімдер Зеленый Бор елді мекенінде ұрып кеткен.

Ауруханаға ауыр халде түскен азамат, бір аптадан соң көз жұмды. Күдікті Щучинск қаласының тұрғыны. Ол 25 мамырда ұсталып, екі күннен соң үйқамаққа алынған.

Айта кетейік, кісі қолынан қаза тапқан Шыңғысхан Темірбеков 2015-2017 жылдары Бурабай ауылының әкімі қызметін атқарған. 33 жастағы марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.

Әсем Әбдірахманова, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі:

- Зардап шегушінің өліміне байланысты қылмыстық іс 106-баптың 3-тармағына ауыстырылып, күдікті қайтадан қамауға алынды. Қазір аталған іске қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы