411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: ұзақ уақыт бойы мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

  • 147
  • UPD: 19:58, 02.06.2020
ШҚО: ұзақ уақыт бойы мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Шығыс Қазақстанда мал ұрлап келген екі азамат ұсталды. Полицияның мәлімдеуінше, бұлар бұрыннан қолға түспей жүрген баукеспелер.

Олар өрістегі ірі қара мен жылқыны атып, кісі көзіне түспеу үшін сол жерде терісін сыпырмастан бөлшектеп отырған. Күдіктілер қылмыс үстінде қолға түсті. Тергеу кезінде олардан мылтық, балта және мал соятын пышақтар тәркіленді. Ал көліктің жүк салғышынан жылқы еті шыққан. Ұрылар 25 және 42 жастағы Жарма ауданының тұрғындары.

Сағат Мәдиев, ШҚО полиция департаментінің бастығы:

- Тергеу барысында олар Семей қаласы Жарма, Бесқарағай және Аягөз аудандары аумағындағы мал ұрлаудың 13 фактісіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Мал иелеріне 4 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Қазіргі уақытта күдіктілер Жарма аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары өткізіліп жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы