405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тарбағатайда екі адам өртеніп кете жаздады

  • 302
  • UPD: 16:32, 03.06.2020
Тарбағатайда екі адам өртеніп кете жаздады

Тарбағатай ауданының Ырғызбай ауылдық округінде қураған шөп өртеніп, 60 гектар аумаққа таралды.

Тілсіз жауды өз күшімен тоқтатуға ұмтылған екі ер адам өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Қатты желдің салдарынан жалын жан-жаққа тез таралып, «Темір» шаруа қожалығына қауіп төндірген. Шаруа қожалығының қожайындары өртті өздері сөндірмек болады. Салдарынан 42 және 30 жастағы екі ер адамды күйік шалып, ауыр жарақат алды. Оларға жергілікті тұрғындар дер кезінде көмек көрсетіп, өрттен алып шыққан екен.

Жалынды тоқтатуға өрт сөндіру бөлімінің 8 қызметкері, тірек пунктінен 8 адам және жергілікті тұрғындардан 30 адам жұмылдырылды. 2 маусымда кешкі сағат 18:40 шамасында тұтанған өрт бүгін таңғы сағат 5:30 кезінде толықтай сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы