417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да қатты дауыл салдарынан бірнеше ауыл жарықсыз қалды

  • 265
  • UPD: 23:15, 03.06.2020
ШҚО-да қатты дауыл салдарынан бірнеше ауыл жарықсыз қалды фото: Болат Көкенайұлы

Көкпекті ауданында қатты желдің әсерінен бірнеше ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дауылдан зардап шеккен Көкпекті, Тассай, Көкжайық және Үлгілімалшы ауылдарында 8 әлеуметтік нысанның, 30-дан астам жеке тұрғын үйдің шатырын жел ұшырып кетті. Бұл туралы аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және мобильдік дайындық бөлімінің басшысы Расул Сарманов хабарлады.

Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Маманның мәлеметі бойынша 2 маусым сағат 19.00-ден 23.00-ке дейін желдің жылдамдығы секундына 22 метрге жеткен. Көкпекті ауылындағы Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектеп спорт залының, аудандық орталық ауруханының, Үлгілімалшы ауылындағы Абай атындағы орта мектеп қазандығының, Көкжайық ауылындағы ауылдық округі әкімшілігі ғимаратының, «Бөбек Лүпілі» балабақшасының, «Елім-ай» шаруа қожалығы мал бордақылау алаңының, Тассай ауылындағы Мұқтар Әуезов атындағы орта мектеп және интернат ғимараттарының шатырын жел ұшырып кеткен.

Қазіргі уақытта Биғаш, Үлгілімалшы, Ұзынбұлақ, Тассай, Көкжайық, Көкпекті елді мекендерінде авариялық ажырату салдарынан мыңға жуық тұрғын жарықсыз отыр. ШҚ АЭК авариялық бригадалары үздіксіз жұмыс істеуде.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы