418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

  • 296
  • UPD: 18:50, 04.06.2020

Алматыда жолаушылар автобусы жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға қала орталығындағы әл-Фариби және Назарбаев даңғылының қиылысында болды. Қырық бесінші автобус соңғы аялдамаға бара жатқан. Сондықтан көлік ішінде адам аз болыпты. Көлік жүргізушісі автобустың арт жағынан өрт шыққанын айнадан байқап, бірден тоқтағанын айтады. Жолаушыларды да өзі алып шығыпты. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жеңіл жарақат алған 56 жастағы автобус жүргізушісі ауруханаға барудан бас тартты. Газбен жүретін автобустың қаңқасы ғана қалды. Өрттің салдарынан жол жиегіндегі бағдаршам мен жарнама тақтайшасына зақым келді.

Бектұрсын Шунеев, автобус жүргізушісі:

– Алты адам қалған ішінде. Бір қария, қалғандары жас балалар. Соны түсіріп, өртті өшіремін деп едім, сөнбеді. Қатты жанып кетті. Автобустың құжатын алдым да қашып шықтым, 3-4 минуттан кейін төбесіндегі газ жарылды.

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы