423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраудағы жарылыстан күйік шалған екі адамның жағдайы ауыр

  • 451
  • UPD: 14:55, 05.06.2020
Атыраудағы жарылыстан күйік шалған екі адамның жағдайы ауыр

Жарылыс салдарынан зардап шеккендердің жағдайы ауыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлердің айтуынша, 61 жастағы жанармай бекеті қызметкерінің денесін 40%-ін күйік шалған. Медицина қызметкерлері 2-3 дәрежелі күйік деп отыр. Ал, 34 жастағы автоцистерна жүргізушісі денесінің 90% күйген. Оны дәрігерлер «1-2-3 дәрежелі күйік» дейді. Екеуі де жансақтау бөлімінде, жағдайлары өте ауыр. Ал, оқиға кезінде зардап шеккен өрт сөндірушілердің жағдайы тұрақты. Дәрігерлер тарапынан барлық көмек көрсетіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы