423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қостанай облысында өртенген саяжайдан үш адамның мәйіті табылды

  • 532
  • UPD: 13:09, 06.06.2020
Қостанай облысында өртенген саяжайдан үш адамның мәйіті табылды

Өткен түнде Қостанай облысының Лисаков қаласындағы саяжайда өрт шығып, салдарынан үш адам бақилық болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бір отбасының мүшелері болған. Дабыл қағылысымен тез арада апат орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер бір жарым сағат ішінде 35 шаршы метр аумақты жайлаған жалынды тоқтатты. Өрттен соң, күл арасынан 1955 жылы туған әйел кісі, оның 36 жастағы ұлы мен мен немересінің мәйіті табылған. Қазір мамандар өрттің шығу салдарын зерттеп, тергеу ісіне кірісті. Болжам бойынша тілсіз жауға отты абайсыз қолдану себеп. Оқиға орнында жүрген өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орынбаев оқиғаның мән-жайын бізге телефон арқылы жеткізді. 

Азамат Орынбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Электр тоғы жоқ. Пеш те жоқ. Полицейлердің айтуынша, олар ішімдікке салынған, тіркеуде болған. Болған өрт отты дұрыс пайдаланбаудан деп отырмыз. Осы жылдың мамыр айында біздің қызметкерлер саяжайда профилактикалық жұмыстар жүргізіп, сол үйде болған. Саяжай иесінің өрт қауіпсіздігін ескеру деген қол қойылған нұсқаулығы бар.

Хабар 24 телеарнасы