419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраудағы жарылыстан күйік шалған жүргізуші қайтыс болды

  • 466
  • UPD: 15:33, 07.06.2020

Атырауда жанар-жағармай бекетіндегі өрттен зардап шеккен көлік жүргізушісі қайтыс болды.

Осыған дейін оның аса ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқанын айтқан едік. Денесінің 90 процентін күйік шалған азамат бүгін таңертең облыстық ауруханада көз жұмды. Марқұмның артында  4 баласы мен аяғы ауыр келіншегі қалды.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымн күні Атыраудағы жанар-жағармай бекетінде жарылыс болып, 4 адам зардап шеккен еді. Газ құю бекетінің қызметкері мен екі өрт сөндіруші ауруханада ем қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы