419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жол бойындағы көлікке пышақ ала жүгірген жігіт ұсталды  

  • 320
Елордада жол бойындағы көлікке пышақ ала жүгірген жігіт ұсталды  

 

Елордада өтіп бара жатқан көліктерге пышақ лақтырған мас адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 маусым күні түнгі сағат 03.47-де пышақ ұстаған ер адам Абай даңғылы мен Янушкеевич көшесі қиылысындағы жедел басқарма орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жігіт жол бойымен келе жатып, пышақты қайрап, автокөлікке ала жүгірген. ЖБО қызметкерлері осы мекенжайға дереу автопатруль жіберді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оның пышағын алып, Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оқиға орнынан пышақ пен қайрақ алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


 

Хабар 24 телеарнасы