418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс тұрғындары жарылыстарды естіген

  • 230
  • UPD: 08:07, 10.06.2020

Арыс қаласының тұрғындары жарылыстарды естіген. Әлеуметтік желілерде осындай хабар тарап кетті.

Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, гарнизон аумағында жоспарлы жұмыстар атқарылып жатқан. Бұл туралы хабарландыруды әкімдік күні кеше фейсбук парақшасында жариялап, мессенджерлер арқылы таратқан екен. Сондықтан жалған ақпарат таратқандар заң жүзінде жазаға тартылатынын ескертеді жергілікті билік.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Арыста әскери бөлімде ірі өрт болып, реактивті снарядтар қойылған қоймаға тиген болатын. 

Айбол Әлибеков, Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы

Хабар 24 телеарнасы