430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қапшағай маңындағы қоқыс полигоны әлі жанып жатыр

  • 531
  • UPD: 12:36, 11.06.2020
Қапшағай маңындағы қоқыс полигоны әлі жанып жатыр kaztag.kz

Қапшағай маңындағы қоқыс полигоны әлі бықсып жанып жатыр.

Еске сала кетейік, кеше Алматы-Қапшағай бағытындағы  жолда бірден сегіз көлік соқтығысты. Қою түтінннен трасса бойы көрінбей қалған.  Өрт Алматы облысы Іле ауданына қарасты қоқыс полигонынан шыққан. Облыстық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша қызыл жалын 3 гектар аумақты шарпыған. Оның тез таралуына ұйытқып соққан жел себеп болды. Құтқарушылар өртті  түнімен сөндірді. Десе де, түтін әлі тарқай қойған жоқ. Отты сөндіруге 60-қа жуық адам мен 20-дан астам техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, 3 тонна су сиятын құрылғысы бар  МИ-8 тікұшағы тартылды.

Қазіргі уақытта қатты тұрмыс қалдықтары тасталған қоқыс полигонында шыққан өртті сөндіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Қажетті техника да, құтқарушылар да жеткілікті. Өртті сөндіруге тікұшақ та тартылды. Қазір аумақ бақылауға алынды. Қызыл жалынның таралмауы үшін төтенше жағдайлар тарапынан тиісті шаралар қолға алынды.

Хабар 24 телеарнасы