419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семей қазынашылық комитетінің өкілі парамен ұсталды

  • 326
  • UPD: 22:31, 11.06.2020
Семей қазынашылық комитетінің өкілі парамен ұсталды

Семейде қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің өкілі мен жеке тұлға парамен ұсталды. Күдікті сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кәсіпкерлердің атынан шенеунікке 40 миллион теңге ұсынған.

Еске сала кетейік, спорт және дене тәрбиесі комитеті төрағасының орынбасары мен бірқатар азаматқа 380 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылған болатын. Бұл іс Риддерде салынуы тиіс республикалық олимпиадалық резерв даярлау мектебінің құрылысына қатысты. 

Жігер Бәйділдин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Күдікті адамдар Өскемен қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде, басқа ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды. Күдіктілерге қатысты соңғы үкім сотпен белгіленеді.

Хабар 24 телеарнасы