433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада тұрғын үйдегі өрттен 50 адам эвакуацияланды

  • 477
  • UPD: 09:14, 13.06.2020
Қызылордада тұрғын үйдегі өрттен 50 адам эвакуацияланды

2020 жылғы 13 маусымда сағат 00-59-да Қызылорда қаласы Ақмешіт шағын ауданы 31/А 5 қабатты тұрғын үйде электр қалқаншасы мен шатырдағы үй-жайда өрт болды.

ТЖД күшімен гидравликалық құралдарды пайдалана отырып, люкті кесу арқылы шатырдағы үй-жайға кіру жүзеге асырылды, онда жалпы ауданы 195 ш. м. қоқыс, тұрмыстық қалдықтар, ескі матрацтар, пластикалық бос ыдыстар жанған.

ТЖ департаментінің күшімен жоғарғы қабаттағы пәтерлерден сыйымдылығы 27 л және 50 л 8 тұрмыстық газ баллон шығарылды, баспалдақ арқылы 50 адам эвакуацияланды, оның ішінде 20 бала. 4 және 5-қабат тұрғындарын өрт сөндіру автосатысы арқылы 19 адам құтқарылды, оның ішінде 13 бала. Өрт сөндірушілердің біріккен іс қимылының нәтижесінде өрт 02 сағат 54 минутта толық сөндірілді.

Өрттің шығу себебі болжам бойынша электр қалқанындағы қысқаша тұйықталуы болып отыр. Тұрғын үй электрмен жабдықтаудан ажыратылып, екінші подъездің тұрғындары туысқандарының үйіне жетті. Оқиға орынына жеткен полиция қызметкерлері подъезді күзетуді ұйымдастырды.

Оқиғадан қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.

Өрт сөндіруге облыстық ТЖ департаментінің 42 қызметкері мен 8 бірлік техника қатыстырылды.

Хабар 24 телеарнасы